Атырау облысында кинологиялық есептердің өңірлік сертификаттау сынағы өткізілді
Атырау қаласында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің жедел-құтқару жасақтарының кинологиялық есептоптарының 2-кезең дайындық деңгейін анықтау мақсатында өңірлік сертификаттау сынағы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — кинологиялық есептердің кәсіби дайындық деңгейін бағалау және сыныптық біліктілікті растау.
Өңірлік сертификаттау сынағына 5 қызметтік ит пен 5 кинолог қатысты.
Аттестация үш кезеңнен тұрды:
Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша, белсенділігі мен кәсіби дайындығы үшін, кинологиялық есептоптардың барлығы сертификаттаудың «А» классына өтіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды.