«Қарттар күні – құрмет күні: ТЖД қызметкерлері ардагерлеріне сый-құрмет көрсетті

«Қарттар күні – құрмет күні: ТЖД қызметкерлері ардагерлеріне сый-құрмет көрсетті

Қарттар күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өз ардагерлері мен зейнеткерлерін арнайы барып құттықтады.

 

Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан көпжылдық еңбегі мен өлшеусіз үлестері үшін оларға азық-түлік себеттері табысталып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық амандық тіленді.

 

Мұндай кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және аға буын құтқарушыларға деген құрмет пен ілтипатты арттыруға бағытталған игі дәстүрдің бір бөлігі.