Бір мақсат. Бір ант. Бір Отан.

Бір мақсат. Бір ант. Бір Отан.

 

2025 жылғы 28 тамызда Атырау қаласындағы «Жеңіс саябағы» аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай, ТЖМ 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты азаматтық қорғау саласына жаңадан қабылданған қызметкерлердің «Ант қабылдау» салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрлан Мақсотұлы Жаңабаев, ардагерлер, жеке құрам және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Салтанатты рәсім барысында жеке құрам сапқа тұрғызылып, Мемлекеттік Ту көтеріліп, оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Жас қызметкерлер Қазақстан халқына және мемлекетіне адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады.

Барлығы 17 жас қызметкер ант беріп, азаматтық қорғау органдарының қатарына ресми түрде қабылданды.

Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген полковник Н. Жаңабаев жас мамандарды кәсіби жолдағы алғашқы қадамымен құттықтап, елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ардагер Сейітжан Қисанұлы Дүйсекенов пен кіші сержант Қазбек Ғаниұлы Саламатов та  өз тілектерін білдірді.

Салтанатты рәсім мерекелік шеру және естелік суретке түсумен аяқталды.