Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, 2025 жылғы 27 тамыз күні Атырау қаласында қызметтік борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші–құтқарушысы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлын еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты – азаматтық борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптесіміздің есімін құрметтеу, оның көрсеткен батылдығы мен қайсарлығын үлгі ету.
Турнирдің ашылу салтанатында Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлының қызмет жолы мен ерлігі туралы естеліктер айтылып, оның отбасы мүшелері мен әріптестеріне құрмет көрсетілді. Қатысушылар батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бейбарыс Жалғасбайұлы қызмет барысында тек кәсіби шеберлігімен ғана емес, сондай-ақ спорттық өмірге белсенді қатысуымен де ерекшеленді. Ол баскетбол волейбол, спортын ерекше жақсы көріп, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысқан тәжірибелі спортшы болған.
Турнирге Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімдерінен, азаматтық қорғау органдарының ардагерлерінен құралған 12 команда қатысты. Жарыс тартысты әрі жоғары спорттық рухта өтті. Командалар өзара біліктіліктерін көрсетіп, достық пен ынтымақтастықты нығайтты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – №13 МӨСБ командасы;
ІІ орын – №7 ӨСБ командасы;
ІІІ орын –Жедел-құтқару жасағы командасы иеленді.
Сонымен қатар, турнир барысында жақсы тартысты ойын көрсеткені үшін “Трнирдің үздік ойыншысы” номинациясымен Бисенов Ақылжан марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Мұндай шаралар — азаматтардың ерлік істерін дәріптеу, батырларымыздың есімін мәңгі есте сақтаудың маңызды тетігі болып табылады.
Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы