Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының тыңдаушыларына арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға шамамен 25 адам қатысты. Сабақ барысында қатысушылар азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ақпарат алды. Сондай-ақ, газқағарды қолдану, өрт сөндіргішті пайдалану және манекен арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша түсіндіре жұмыстары өткізілді. Оқыту интерактивті форматта өтіп, тыңдаушылардың белсенді қатысуына және алған дағдыларын бекітуіне мүмкіндік берді.