Атырау қалалық прокуратурасында дөңгелек үстел өтті

Атырау қалалық прокуратурасында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Анықтау басқармасының нұсқауына сәйкес Атырау қалалық прокуратурасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде қызметкерлердің білімін арттыру.

Дөңгелек үстелге Атырау қалалық прокуратурасының, ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ салалық мамандар қатысты. Жиын барысында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (СДТБТ), қылмыстық қудалау органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ҚАО ААЖ), ақпараттық оңтайландыру автоматтандырылған жүйесімен (АО АЖ) жұмыс істеу тәжірибесі талқыланды.

Қатысушылар аталған ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу барысында туындайтын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, құқық қорғау саласындағы қызметтік тәжірибелер ортаға салынып, тиімді іс-әрекет алгоритмдері ұсынылды.

 

 

Атырау облысы ТЖД