Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала аумағында орналасқан жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.
Жиналыстың басты мақсаты – мектепке дейінгі мекемелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндіру.
Іс-шара барысында мамандар өрт болған кездегі дұрыс әрекет ету алгоритмін, балаларды қауіпсіз және шұғыл эвакуациялау тәсілдерін, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, мекеме өкілдеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар таратылды.
Аталған ұсыным хаттарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайлары мен жиі кездесетін кемшіліктер атап көрсетілген.
Жиналысқа 100-ге жуық мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы қатысты.
Атырау қаласы ТЖБ