Атырау облысы ТЖД Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілері КТЖ-ның мерейтойына арналған турнирде топ жарды.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының мерейтойына орай ұйымдастырылған кіші аяқ доптан турнир жоғары деңгейде өтті. Бұл жарыс спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілді.
Турнирге Атырау облысы Исатай ауданының әртүрлі мекемелерінен бірнеше команда қатысты. Тартысты өткен кездесулердің нәтижесінде Исатай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №6 өрт сөндіру бөлімі ерекше ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан озып, І орынды иеленді.
ІІ орынды Исатай ауданы әкімдігі командасы жеңіп алса, ІІІ орын «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ командасына бұйырды.
Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир қатысушылары мұндай шаралардың тек спорттық емес, сонымен қатар ұйымдардың өзара қарым-қатынасын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Атырау облысы ТЖД