
Республика бойынша сауда объектілеріндегі өрттер санының өсуіне байланысты Атырау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында 2025 жылғы 24 шілдеде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атырау қаласының аумағындағы сауда орталықтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.
Талқылауға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сауда орталықтарына келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау жөніндегі іс-шаралар, өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылау және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік мәселелері көтерілді.
Атырау облысы ТЖД