Атырау облысы аумағында 2025 жылғы 23-24 шілде аралығында «АҚМЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ-ды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі кезінде күштер мен объектілерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Оқу-жаттығу аясында өткізілетін іс-шаралар:
📌 2025 жылғы 23 шілде сағат 08.00-де – «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың басталуы. Өтетін орны – дағдарыс орталығы (ТЖД ғимараты).
📌 2025 жылғы 24 шілде сағат 09.00-де – жер сілкінісі кезінде шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Өтетін орны: Элеватор маңындағы автокөлік айналма жолы бойындағы көпір маңы, «Бірлік ипподром» аумағы.
Келесі іс-шаралар пысықталады:
• Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен халықты қабылдап, уақытша орналастыру пункттеріне (лагерьлерге) орналастыру;
• Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында инженерелік техникаларды жөнелту, тиеп, түсіру іс-шараларын ұйымдастыру;
• Жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалып қойған адамдарды құтқару бойынша авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу.
Атырау облысы ТЖД