Жазғы чемпионат қорытындысы: Атырау спортшысы III орынға ие болды

Жазғы чемпионат қорытындысы: Атырау спортшысы III орынға ие болды

2025 жылғы 16–19 шілде аралығында Қостанай облысы, Тобыл қаласында Қазақстан Республикасы бойынша ерлер арасындағы өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы XXXI жазғы чемпионат, әйелдер арасындағы VII жазғы чемпионат және жасөспірімдер арасындағы XIV жазғы чемпионат өтуде.

 Еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан ең мықты құтқарушы - спортшылар күш, шапшаңдық, төзімділік пен жауынгерлік дайындықтарын көрсетті.

Нәтижесінде атыраулық спортшы  Ерсаинов Даурен Ерлер арасында шабуыл сатысы бойынша 3 орын жүлдегері атанды.

Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Спорттағы бұл жетістігіңіз – кәсіби шеберлігіңіз бен табандылығыңыздың жарқын дәлелі.

Сізге мықты денсаулық, жаңа биіктер мен толағай табыстар тілейміз!