
Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары — Демеуов Нұрбағылан Аманжолұлы мен Шайхымадин Тілекқабыл Мұратбекұлы Атырау 102FM радиосына арнайы сұхбат берді.
Сұхбат барысында курсанттар азаматтық қорғау саласындағы оқу процесі, мамандықтың маңыздылығы және болашақтағы жоспарлары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, олар жастарды төтенше жағдайлар саласына қызығушылық танытып, ел қауіпсіздігіне үлес қосуға шақырды.
Іс-шараның мақсаты – азаматтық қорғау мамандығын насихаттап, қоғамда төтенше жағдайлар жөніндегі түсінікті арттыру.