
Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Атыраулық құтқарушылар 27 бірлік жаңа киім нысанымен, атап айтқанда футболка, шорты, кепка, аквашузы және жилетпен қамтамасыз етілді.
Жаңа киім нысаны патрульдік іс-шараларды жүргізуге өте ыңғайлы.
Шомылу маусымы басталысымен құтқарушылар заманауи үлгідегі VOYAGER қайығын су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, төтенше жағдай орнына жедел баруға қолданады.
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары - атыраулық құтқарушылардың басты назарында!