ҚР ТЖМ базасында құрылған «Batyr Team» спорттық клубының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 16–18 шілде аралығында Алматыда Төтенше жағдайлар министрінің кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан II-ші турнир өтеді.
Турнирдің мақсаты – құтқарушылар арасында спортты танымал ету, олардың кәсіби даярлығын арттыру және командалық рухын көтеру.
Аталмыш турнирге еліміздің барлық өңірлерінен азаматтық қорғау органдарының 300-ден астам қызметкері қатысады. Жалпы саны 26 команда бақ сынайды, оның ішінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкерден құралған ерлер командасы қатысуда. Команданы арнайы сапқа тұрғызып, шығарып салу кезінде департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев спортшыларға сәттілік тілеп, лайықты өнер көрсетулеріне сенім білдірді.
Турнир барысында қатысушылар әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша жекпе-жекке түсіп, өз өңірінің намысын қорғайды.
Бұл турнир – тек спорттық дода ғана емес, біздің қызметкерлеріміздің шыныққан, төзімді әрі батыл екенін көрсететін алаң. Мұндай шаралар кәсіби дайындықты нығайтып қана қоймай, әр өңірдегі құтқарушылар арасында ынтымақтастықты арттырады.