2025 жылғы 14 шілдеде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р. Дубаев қызметтік іссапармен Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласына барды. Іссапар барысында Жылыой ауданы әкімімен және Жылыой ауданы прокурорымен кездесті. «Ниет» ЖШС өкілдерімен бірге мамыр айында орын алған авария орнына барып, тергеп-тексеру жұмыстарымен танысып, тапсырмалар берді.