Атырау облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмамсына сәйкес қала және облыс аумағында тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшы топпен газ құю және жанар-жағармай бекеттерін зерделеу мақсатында, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары С. Жаймағамбетов облыс аумағында жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен, жұмыс тобы құрамымен бірлесіп газ құю және жанар-жағар май құю бекеттеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Атырау облысында 167 бірлік автогаз құю станциялары жұмыс жасап тұр.
Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп атқарған жұмыстар барысында азаматтық қорғау саласының талаптары бойынша бірқатар проблемалық мәселелер анықталып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ұсыныстар берілді.