7 шілдеде сағат 23:12-ден бастап Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының, ПД және жергілікті тұрғындардың күшімен 7 шілде күні сағат 21:00 шамасында куәгерлердің айтуы бойынша шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға шомылу кезінде суға батып кеткен жасөспірімдерді іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде сағат 14:20-да ТЖД құтқарушыларының күшімен оқиға орнынан 35 м қашықтықта жасөспірім У.О. (2011 ж.т.) денесі табылып, судан шығарылды.
Сағат 20:13-те ТЖД құтқарушыларының күшімен оқиға орнынан 35 м қашықтықта екінші жасөспірім А.Е.-ның (2011 ж.т.) денесі табылып, судан шығарылды.
Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, 20-ға жуық қызметкер, 14 бірліктен астам техника жұмылдырылды.
Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз! Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар!