Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында БАҚ өкілдері бір сәтке құтқарушы болып, бұл мамандықтың қиындықтарын сезінді. Бейнеролик пен қалам шеберлері өрт сөндіру кроссфитінен жарысқа түсті.
Жарысқа Атырау облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі», «Атырау» телеарнасы, сонымен қатар «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газетінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар жауынгерлік киім кию, жауынгерлік қанат жаю, жеңіл автокөліктің шинасын зілбалға көмегімен жылжыту, холматро құралын пайдалану, оқу мұнараның 2-ші қабатына шығу кезеңдерінен еш мүдірместен өтті. Сонымен қатар жылу түтін камерасынан өтіп, нағыз құтқарушы рөлін сомдады. Қатысушылар қараңғыда үш деңгейлі түтінге толы лабиринттен шығудың жолын іздеді.
Жарыс қорытындысы бойынша «Атырау» телеарнасы 1 орынды, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» 2 орынды, "Прикаспийская коммуна" газеті 3 орынды қанжығаларына байлады.
Жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Барша БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Атырау облысы ТЖД Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы