«Ақжайық» резерватының аумағындағы өрт толық сөндірілді

«Ақжайық» резерватының аумағындағы өрт толық сөндірілді

24 маусым сағат 14:00-дегі жағдай бойынша «Ақжайық» МТР өрт толығымен өшті. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 1510 гектар аумақты шарпыған. 13 маусымнан бері «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 екі тікұшағы  арқылы 396 тонна су төгілді. Өрт шалған аумақтың ауқымын ұлғайтпау мақсатында тракторлардың көмегімен минералды жолақтар жыртылды. Жалпы тілсіз жауды толықтай өшіруге 200-ге тарта адам мен 40 техника жұмылдырылды.

 

Өрттің қайта тұтанбауы үшін және жағдайды тұрақты бақылау мақсатында ТЖД, полиция және резерват қызметкерлерінің  тәулік бойына қойылған кезекшілігі әлі де жалғасады.