Атырау облысында дала өртіне екі тікұшақ арқылы әуеден су төгілуде

Атырау облысында дала өртіне екі тікұшақ арқылы әуеден су төгілуде

Атырау облысында «АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шамамен 1510 га аумақта орын алған қамыс өрті 18 маусымда оқшауланған болатын, қазіргі уақытта қамыс ашық жанусыз бықсуда.

Жануды толықтай жою үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, өрт сөндірушілер бықсу орындарын ранцтық өрт сөндіргіштер арқылы өшіруде. ЖАО қызметкерлерімен минералды жолақтар жүргізу мақсатында 58 шақырым аумақта жер жырту жұмыстары жүргізілді.

20 маусымда қамыс өсімдіктерінің жануын сөндіру үшін Маңғыстау облысынан МИ-8 тікұшағы тартылды. Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, екі тікұшақ арқылы әуеден 43 рет, жалпы көлемі 129 тонна су төгілді. Өрт басталғалы ТЖМ авиациасы арқылы барлығы 357 тонна су төгілді.

Оқиға орнында ТЖД, «АқЖайық» МТР, ЖАО, ҚМ, ПД, «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлерінен 200-ге жуық адам, 39 бірлік техника, ТЖМ «Казавиақұтқару» АҚ 3 бірлік тікұшағы жұмыс жасауда.
Жедел штаб тәулік бойы қызмет атқаруда. Бықсуды сөндіру жұмыстары жалғасуда.