Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырған №42 мектеп жанындағы лагерьдегі спорттық жарыс өтті

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырған №42 мектеп жанындағы лагерьдегі спорттық жарыс өтті

Береке ықшам ауданындағы №42 жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы лагерьде Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында спорттық жарыс өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты – балалардың дене шынықтыру деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты қалыптастыру. Жарысқа лагерьдегі барлық оқушылар қатысты. Балалар түрлі спорттық ойындар мен эстафеталарға белсенді қатысты.

 

Командалар жарыстың әр кезеңінде ынтымақтастық пен белсенділіктерін көрсетті. Оқушылардың физикалық дайындығы мен шапшаңдығы бағаланды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, белсенділерді марапаттады.

 

Мұндай спорттық іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтып, психоэмоционалдық жағдайын жақсартып, жазғы демалысын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

 

Болашақта да осындай шаралар балалардың денсаулығы мен тәрбиесін арттыру мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.