Бүгін, 13 маусымда Атырау қаласының Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді.
Жағдайды бағалау және жедел іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ резерваттың қызметкерлері оқиға орнына шұғыл түрде шықты.
Әуеден барлау жүргізу және өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен ТЖД қызметкерлері ұшты.
Өртті сөндіруге жалпы есеппен 82 адам және 17 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ.
Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Желдің қалаға қарай бағытталуына байланысты қала ішін түтін иісі сезілуде.
Қауіпсіздік мақсатында көшеге шығудан уақытша бас тартуды, терезелер мен есіктерді жауып, сондай-ақ балаларды назардан тыс қалдырмауларыңызды сұраймыз.