Жылыой ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды

Жылыой ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды

2025 жылғы 4 маусымда  Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Н. Жаңабаев Жылыой ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Дәурен Қайратұлы Берденовты тағайындады.

Дәурен Қайратұлы Берденов Атырау облысы Атырау қаласында 1992 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 2015 жылы Атырау Мұнай және Газ Институтын «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша, 2021 жылы  ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Департаменттің Атырау қаласы №1 МӨСБ жүргізуші лауазымында  2015 жылы бастады. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 10 жылды құрайды. Бұған дейін Д. Берденов Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.