Атырау облысының құтқарушылары профилактикалық іс-шараларды күшейтулі түрде жүргізуде

Атырау облысының құтқарушылары профилактикалық іс-шараларды күшейтулі түрде жүргізуде

Күн сайын Атырау облысы ТЖД, өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жайық өзені бойында профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.

Ыстық күнде суға түсушілер саны көп. Әсіресе, АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ, ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДА суға шомылып жүрген балалар да көп кездеседі.....

 

Бүгінгі күнге дейін құтқарушылар «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу» туралы 412 бап бойынша, 8 ата-анаға балаларын су айдындарында қараусыз қалдырғаны үшін Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

 

Атырау облысы ТЖД ескертеді: құтқарушылардың ауызша айтқан ескертулеріне құлақ аспайтын тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылады!

 

Құрметті тұрғындар! Атырау облысында суға шомылу маусымы әлі ашылған жоқ. Өз өмірлеріңіздің қауіпсіздігі үшін, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар!

 

Адамдар қазасын болдырмау мақсатында мұндай бірлескен рейдтер суға түсу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.