Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Алжир» музейіне онлайн экскурсия жасады

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің  қызметкерлері «Алжир» музейіне онлайн экскурсия жасады

Қазақстан аумағында саяси тұтқындар үшін Алжир, Степлаг, Карлаг сияқты бірнеше ірі лагерьлер құрылған болатын. Бұл лагерьлерде қазақ зиялылары, ғалымдар, жазушылар мен қарапайым шаруалар азап шекті.
Жазықсыз қаза тапқандарды еске алу мақсатында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін Ақмола облысында орналасқан отанын сатқандар деп жала жабылған азаматтардың әйелдерін қамап ұстаған «Алжир» лагерінің музейіне онлайн экскурсия жасалды.
Экскурсия барысында лагерде жазасын өтеген әйел адамдардың қасіретті тағдыры жөнінде құнды ақпараттар жеткізілді.


Атырау облысы ТЖД
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы