№13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің акт залында жеке құрам арасында құмар ойындардың (лудомания), нашақорлықтың, суицидалды мінез-құлықтың алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойыншапсихопрофилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теолог маманы Р. Қалмазұлы, Атырау облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Н.Джансариев, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының маманы А. Даумова, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы С. Каюпов, суицидологы В. Карсакбаеваменкездесу ұйымдастырылды.
Осы тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылып, мамандардан қажетті ақпараттаралынды.
Атырау облысы ТЖД
Психологиялық қызметтобы