Балалар күніне орай сурет байқауы өтті

Балалар күніне орай сурет байқауы өтті

Балаларды қорғау күні қарсаңында Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің балалалары арасында сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – балаларды патриотизмге баулу, Отанға, еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін арттыру. Байқаудың шарты бойынша 6-12 жас аралығындағы балалар қатыстырылып, жалпы 30-ға жуық балалардың суреттері ұсынылды.

Ірітеу барысында суреттердің тақырыпқа сәйкестігі,  жұмыстың көрнекілігі бағаланды.

 

Байқау қорытындысымен:

 

І орын - Ақтілек Талапұлы (8 жас),

ІІ орын - Омар Ясин Асланбекқызы (6 жас),

ІІІ орынды - Жолдас Нұрсая Бекболатұлы (11 жас) иеленді.

 

Айта кетейік, жеңімпаздар 29 мамыр күні Атырау қаласы Исатай-Махамбет алаңында өтетін көрмеде марапатталатын болады.

 

 

Атырау облысы ТЖД