GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 октября 2026
Атырау облысының ТЖД радиобайланыс қамту аймағын кеңейтуде

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың шалғай аудандарында орналасқан аудандық бөлімшелер үшін 5 жаңа ретранслятор сатып алынды.

Жабдықтарды орнату радиоқамту аймағын кеңейтуге және облыстың шалғай аудандарында орналасқан бөлімшелермен тұрақты байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар радиобайланыстың сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ ТЖД бөлімшелері арасында ақпарат алмасудың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

14 октября 2026
Сот органдарымен ынтымақтастық

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында сот өкілдерінің қатысуымен практикалық семинар сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында бірнеше өзекті мәселелер талқыланып  сот тәжірибесі мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру мәселелері қаралды.

 

14 октября 2026
Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестік

2026 жылдың тоғыз айында жүргізілген 26 тексеру нәтижесінде 212 бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарына және тексеру кестесіне сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік және рұқсат беру талаптарының сақталуына бақылау және қадағалау жүргізді.

Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталып, оларды жою туралы нұсқамалар берілді. Заңнама талаптарын бұзған субъектілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, 7 субъектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестаттарының қолданысы уақытша тоқтатылды, ал тағы 15 субъектінің аттестаттарының қолданысы уәкілетті органға ерікті түрде жүгінуі негізінде тоқтатылды.

Департамент өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтаудың, анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюдың және біліктілік пен рұқсат беру талаптарына тұрақты сәйкестікті қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады

ТЖ профилактикасы
12 октября 2026
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС кеңсесінде жер сілкінісі кезіндегі оқу-жаттығу өтті

Атырау облысы ТЖД өкілдері жер сілкінісі кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған іс-шараға қатысты.

Оқу-жаттығу барысында жер сілкінісі туралы дабыл беріліп, қызметкерлерді ғимараттан қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары пысықталды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, анықталған кемшіліктер мен ескертулер жан-жақты қаралды.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

12 октября 2026
Атырау облысында «Үздік анықтаушы» байқауының жеңімпазы анықталды

Байқау үш кезеңнен тұрды: қатысушыларды тестілеу, оқиға орны мен объектіні қарау хаттамасын жасау және қатысушылар дайындаған қылмыстық іс макетін бағалау.

Байқау қортындысы бойынша келесі қызметкерлер жүлделі орындарын иеленді:

1-орын – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аға анықтаушысы Низамеденов Амандық Болатұлы;

2-орын – Атырау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасыныың аға анықтаушысы Теміржанов Елхан Асқарұлы;

3-орын – Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Габдулмажитов Ернар Бердыгалиович.

09 октября 2026
Атырау облысында Жайық өзенің жағалауларын нығайту жұмыстары жүргізілуде

Атырау облысының Махамбет ауданында су тасқыны қаупінің алдын алу және елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік-қорғаныс іс-шаралары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Алға және Талдыкол ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстары ұйымдастырылып, су нысандарына жақын орналасқан аумақтарды қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстар атқарылуда.

Инженерлік жұмыстардың сапалы орындалуы елді мекендердің су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздігін арттырып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын ықтимал су басудан қорғауға мүмкіндік береді.

Махамбет ауданындағы бұл жұмыстар су тасқынының алдын алу бойынша кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да су басу қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда инженерлік-қорғаныс шаралары жалғастырылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы мен су тасқыны қаупінің алдын алу шаралары Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында.

08 октября 2026
Балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу: Атырау облысында 634 пәтерге бекітпе орнатылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері Нұрсәт Хаберов мәлімдеді.

Биыл 9 айда облыста балалардың терезеден құлауына қатысты 24 жағдай тіркеліп, 1 бала қаза тапқан, 24 бала түрлі жарақат алған. Зардап шеккен балалар 1 мен 7 жас аралығында.

– Баланың терезеден құлап кетуінің алдын алуда ең маңыздысы – оны қараусыз қалдырмау және терезеге арнайы қорғаныс бекітпелерін орнату. Сонымен қатар терезе алдына бала оңай шығып алатын жиһаздарды қоймаған жөн, – деді Нұрсәт Хаберов.

Өңірде профилактикалық жұмыстар да тұрақты жүргізілуде. 400-ге жуық рейд ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам тұрғын қамтылды. 

Сонымен қатар биылдан бастап көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеге жақындағанын ескертетін арнайы дыбыстық хабарлама жүйесі орнатылуда. Жоба BI Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып, жүйе домофондағы дыбыстық сигналға ұқсас түрде жұмыс істейді. Яғни бала терезеге жақындаған кезде ата-анаға ескерту беріледі.

07 октября 2026
Жылу беру қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары

Атырау облысында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу шаралары күшейтілуде.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жергілікті полиция, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалы қызметкерлерімен, еріктілермен бірлесіп тұрғындарға жылыту құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

07 октября 2026
Профилактика – өрт қауіпсіздігінің негізі

Атырау облысында профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәсілдері жетілдірілуде.

Инженерлік-инспекторлық құрамның кәсіби даярлық деңгейін арттыру және профилактикалық бақылауды сапалы жүргізу мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сабақ өткізілді. Қатысушыларға өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері, сондай-ақ бақылау іс-шараларын жүзеге асыру тәртібін реттейтін заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді.

07 октября 2026
Атырау облысы ТЖД ҰАЖ операторларының кәсіби біліктілігі арттырылуда

Атырау облысы ТЖД ТЖ-ге жауап беру кезінде БЖҚ қолдануды меңгеру бойынша оқыту шарасы өтуде.

Оқытуға Атырау облысы ТЖД-ның 8 қызметкері қатысып, «мультиротор» типті 2-санаттағы (MID Rating) ҰАЖ операторларын даярлау бағдарламасы бойынша білім алуда.

Оқу барысында қызметкерлер ҰАЖ-ны басқару және пайдалану ерекшеліктерін меңгеріп, теориялық білімдерін практикалық жаттығулар арқылы жетілдіруде.

Сабақтар барысында ҰАЖ-ны әуеден бақылау және барлау жүргізу, төтенше жағдай орын алған аумақтағы ахуалды бағалау, сондай-ақ іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолдануға ерекше көңіл бөлінуде.

Аталған оқу қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді ден қою мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы