Шомылу маусымы басталғанға дейін Астананың жағажай аймақтарын зерттеу

Шомылу маусымы басталғанға дейін Астананың жағажай аймақтарын зерттеу

  Елордалық ТЖД қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп жағажай аймақтарының «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде.

  Мақсаты – суға жақын демалыс орындарының шомылу маусымының басталуына дайындығын бағалау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.

  Жағажай аумақтарының жай-күйін, су акваторияларының түбін тексеру жұмыстары жүргізілуде, актілер жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою үшін жағажай иелеріне тиісінше ұсынымдар берілуде.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі