TENGRI ULTRA 2025: елордалық құтқарушы 50 км қашықтықты жүгіріп өтті

TENGRI ULTRA 2025: елордалық құтқарушы 50 км қашықтықты жүгіріп өтті

  Астана қаласы ТЖД АҚБ аға офицері Жұмекешов Азамат TENGRI ULTRA 2025 ультрамарафонына қатысып, 50 км қашықтықты 6 сағат 43 минутта жүгіріп өтті.

  9-11 мамыр аралығында Алматы маңындағы Іле өзенінің көркем алқабында Қазақстанның ең ірі Трейлультрамарафоны –TENGRIULTRA 2025 өтті. Бұл жайғана жүгіру емес, Ұлы Жібек жолының тарихи маршруттары, жартасты шатқалдармен дала кеңістігі арасындағы нағыз шытырман оқиға. Маршруттар биіктігі 1700 метрге дейін өзгеретін таулы жерлерде, каньондар, құм төбелері, жасыл дала, Іле өзенінің жағалаулары арқылы өтті, бұл қатысушыларға ұмытылмас көріністер мен қиындықтарды еңсеруге шыңдады.

  Азамат Алпамысұлы – жүгірумен бірнеше жылдан бері айналысады, көптеген марафондардың жүлдегері, сондықтан да бұл марафон ол үшін маңызды оқиға. Ол күш-жігері мен төзімділігі сыналған бұл бәйгеде өзінің физикалық тұрғыдағы дайындығы тексеріп қана қоймай, Ұлы Жібек жолының ежелгі керуен жолдарымен жүріп өтіп, ғасырларды шегерген Ұлы мұраға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болғанын мақтанышпен айтады.  

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі