Обсужден вопрос рассмотрения обращений

Обсужден вопрос рассмотрения обращений

 

Елордалық ТЖД-да қалалық Прокуратураның өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Ернар Төретайдың қатысуымен өтініштерді қарау мәселелері қарастырылды.

Департаменттің басқармалар бастықтары мен өтініштерді қарастыруға жауапты мамандардың қатысуымен өткен отырыста Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті №1-ОЛ нысанындағы есептердің дұрыстығына жүргізген тексеріс қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою туралы ұсыным қарастырылды.

Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған кемшіліктер, өтініштерді қарастыру және қайта жолдау кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар мен өтініштердің мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу туралы ескертілді.

Жауапты тұлғалар өз сұрақтарына мардымды жауап алып, оларға заңнамалық ережелер түсіндірілді.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі