Терезеден құлауға жол бермеу үшін ата-аналар тарапынан өздерінің балаларына қатысты бақылауды күшейту қажет.
Өз кезегінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды жалғастыруда.
Осы орайда меншік иелері бірлестігінің өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балалардың терезеден құлау мәселесі бойынша кездесулер өтіп, көпқабатты үйлердегі қауіпсіздікті күшейту және балалар тұратын пәтерлерге шектеу құрылғыларын орнату қажеттілігі талқылануда.
Сондай-ақ, акция аясында көпбалалы отбасының пәтерлерінде арнайы шектеу құрылғылары орнатылып, тұрғындармен түсіндіру әңгімелері жүргізілуде, тұрмыстық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ұсыныстар жазылған жадынамалар таратылуда. Ерекше назар кішкентай балалары бар отбасыларға аударылуда.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі