Істерді анықтау мәселелері талқыланды

Істерді анықтау мәселелері талқыланды

Елордалық ТЖД-да Департамент бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиевтің төрағалығымен істерді есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссия отырысы өтті.

Департамент бөлімшелерінің басшылық құрамының қатысумен өткен отырыста ағымдағы жылғы 1 тоқсандағы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінің статистикалық мәліметтері жеткізілді.

Бұдан басқа, қылмыстық бұзушылықтарды қабылдау, тіркеу тәртібі, сондай-ақ өтініштерді, басқа да хабарламалар мен ақпараттарды  қарастыру бойынша тәртіптің сақталуы толық және жан-жақты талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша заңдылықтың бұзушылықтарын болдырмау мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі