Департамент қызметкерлері балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
Сондай-ақ терезе блоктарын дайындайтын және сататын ұйымдармен, көпқабатты үйлердің тұрғындарымен терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық жұмыс ПИК, МИБ, адамдар көп жиналатын объектілермен, сондай-ақ Білім және денсаулық сақтау басқармаларымен жүргізіледі, өйткені медицина қызметкерлерінің үйде пациенттерге барған кезде балалардың терезелер мен балкондардан құлау жағдайларын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізуге мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда профилактикалық жұмыстармен 141 көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде 15 мыңнан астам адам профилактикалық жұмыстармен қамтылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі