Есірткі қылмысының алдын алу бойынша жиын өтті
Елордалық ТЖД-де сержанттар құрамымен семинар өткізілді.
Бұл жиынның мақсаты – жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ психотроптық (есірткі) заттарға төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, өткір тақырыптарды кеңінен қамту үшін полиция департаментінің қызметкерлері – Әлия Кибатқызы, Нұржан Мұстафаев және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Дін істері жөніндегі «Қамқор Астана» қоғамдық бірлестігінің өкілдері теолог Қасымов Бердімұрат және Айдарқұл Марлен дәріскерлері шақырылды.
Жеке құрамға есірткі қылмысына қарсы күрес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыптары және дін бойынша түсіндіру жұмыстары жеткізілді.
Кездесу соңында ТЖД психологтары тренинг өткізді, бұл елордалық гарнизон қызметкерлері арасында жауынгерлік және моральдық рухты нығайтуға ықпал етті.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі