
Департамент қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Алдын алу аясында елорданың тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді аралау іс-шаралары өтуде. ТЖД, ювеналды полиция және әкімдік өкілдері тұрғындармен әңгімелесіп, терезелерге шектеулер орнатудың маңыздылығын және балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуді еске салды. Бұл әсіресе жаз мезгілі қарсаңында, қайғылы жағдайлар жиілеген кезде байқалады.
Қазіргі уақытта 700 астам көппәтерлі тұрғын үйді аралау жүргізілді, 3500 данадан астам жадынама орналастырылды, 2600 тұрғындар түсіндірме жұмыстарымен қамтылды.
Қаланың 82 мектебінде 3100-нан астам оқушыны қамтитын дәрістер, 63 балабақшада сабақтар өткізілді, Whatsapp мессенджерінде ата-аналар чаттары бойынша, сондай-ақ МИБ және ПИК чаттары бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі