
Күн сайын ТЖД құтқарушылары аэроқайық пен квадроциклді пайдалана отырып, қала акваторияларында рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына үгіт материалдарын тарата отырып, су айдындарындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері жеткізіледі.
Құтқарушылар балық аулау әуесқойларына, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге ерекше назар аударады.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі