Мәслихат депутаттары ТЖД бөлімшелеріне келді

Мәслихат депутаттары ТЖД бөлімшелеріне келді

  Елордалық мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден бастаған бір топ депутаттар тобы ТЖД бөлімшелерінің инфрақұрылымдарымен танысу үшін келді.

  Депутаттар тобы Департамент бастығы Марат Күлдіковпен бірге №3-мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі жаңадан жасалған жөндеу жұмыстарымен, өрт сөндіру техникаларымен танысты, одан әрі Жедел құтқару жасағына барып, бөлімшелердің материалдық техникалық базасымен, жоғары өтімді техникалар, оның ішінде «Alliqator» қайығы, квадроцикл, жол талғамайтын көліктермен, сондай-ақ құтқарушылардың де бір күндік жұмыс күнімен етене танысты.

  Одан бөлек, халық қалаулылары Үркер шағын ауданында құрылысы жүріп жатқан 2 шығуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. 95% аяқталған құрылыс барысын бақылап, мердігер компания өкілдерінің есептерін тыңдады. Депоның пайдалануға берілуі 2025 жылдың І жартыжылдығына жоспарланған. Бұл өрт сөндіру депосы 30 мың тұрғыны бар Үркер шағын ауданы мен Ақмола облысының Қараөткел ауылына қызмет көрсететін болады.

  Сапар барысында депутаттар проблемалық мәселелерімен танысып, алдағы уақытта мақсат-міндеттерімен бөлісті.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі