Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі сейсмикалық белсенділікке байланысты елордалық гарнизонның жеке құрамы жоғары дайындыққа келтірілді.
Жедел ден қою және өзара іс-қимыл аясында жер сілкінісі туындаған жағдайда әреккет ету үшін Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдарының дайындығы тексерілді.
Басшылар мен жауапты тұлғалар қызметкерлердің киім үлгісі, жеке нөмірлері бар қызметтік куәліктер мен жетондардың болуын тексерді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі