
Азаматтық қорғаныс айлығы аясында Астана қаласының эвакуациялық комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Аталған отырыстың мақсаты – эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды және ұйымдастыруды тікелей жүзеге асыру болып табылады.
Сондай-ақ, көшпелі отырысты өткізу аясында эвакуациялық комиссия мүшелері үшін Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында құрылған №78 құрама эвакуациялық пункт көрсетілді.
Өткізілген отырыс қорытындысы бойынша эвакуациялық іс-шаралардың проблемалық мәселелері талқыланып, бірқатар қажетті тапсырмалар берілді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі