Астана қаласы ТЖД қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесіп «Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер» профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Шараның мақсаты өрттерді сөндіруге және төтенше жағдайларды жоюға шыққан, қаланың қарбалас көшелерімен өтетін арнайы қызметтік автомобильдерді жүргізушілердің өткізуге міндетті екенін жеткізу болып табылады.
Қаланың көшелерімен жүріп өту барысында арнайы техникаға жол бермеген бір жүргізушіге қатаң ескерту беріліп, онымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден жол қозғалысы ережелерін сақтауларыңызды және жыпылықтайтын маяктар мен дыбыстық сигнал қосылған жедел қызметтердің автомобильдеріне жол берулеріңізді сұрайды.