Елордада ШЫҰ-ға қатысқаны үшін құтқарушылар марапатталды

Елордада ШЫҰ-ға қатысқаны үшін құтқарушылар марапатталды

           Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің марапаттарына ие болды.

 

           2024 жылғы 13 шілдеде «Құтқарушы» аллеясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті, онда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Дастан Алдабеков   Астана қаласында 3-4 шілдеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін құтқарушыларға марапаттар табыс етті.

            Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 құтқарушы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.