Астанада бес жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды

Астанада бес жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды

23 мамырда Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығына сәйкес №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапатталды.

Мектеп жиналысында Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков Ақан Әкімжанов пен оның ата-анасын ҚР ТЖ министрінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

"Ақанның ерлігі арқылы адам өмірі сақталды. Әр бала, әр азамат өзінің батылдығы мен өжеттілігін көрсете отырып, қиын сәтте көмекке келе алса, онда ол  нағыз құтқарушы. Осындай баланы тәрбиелеген ата-аналар мен мектеп ұжымына рахмет", - деп атап өтті қалалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков.

Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Астанадағы көпқабатты үйлердің ауласында жүргенде ол 4-қабаттағы балкон қоршауында ілулі тұрған баланы көріп, көмекке асықты. Ол 4-қабатқа жедел көтеріліп, 5 жасар баланы батыл әрекетімен құтқарып, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды.

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі