Астанада балабақшалар марапатталды

Астанада балабақшалар марапатталды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласының балабақшалар арасында өткен “Үздік қауіпсіздік ертеңгілігі” байқауының қатысушыларын марапаттады.

Балалар қауіпсіздігі мәдениетін жоғарылату мақсатында өткен бұл байқауға барлығы 14 балабақша қатысты.

Байқаудың бас жүлдесін Астана қаласы әкімдігінің “№94 Сұңқар” балабақшасы жеңіп алды. Қалған балабақшалар жүлделі орындарға және номинацияларға ие болып, түрлі сыйлықтармен марапатталды.