Шомылу маусымына дайындық бойынша алдын алу іс-шаралары

Шомылу маусымына дайындық бойынша алдын алу іс-шаралары

Шомылу маусымына дайындық аясында елордалық ТЖ департаменті судағы қауіпсіздік бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Бүгін ТЖД бастығының орынбасары Д. Алдабековтың басшылығымен демалыс аймақтарының иелерімен, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ суда демалуқ, туризм және спорт қызметтерін ұсынатын тұлғалармен шомылу маусымы кезінде орындар мен объектілерді ашу және пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиісті талаптары мен нормаларын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.