Елордада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті

Елордада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті. Семинар Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының алдын алу бөлімі аға офицері  Гүлназ Слямқызы Сағандықованың қатысуымен өтті және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шаралары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау», «Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтардың құқықтарын қорғау» тақырыптары  қозғалды.