Елордалық ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Елордалық ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Елордалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығының орынбасары болып Ермек Абикеев тағайындалды.
Ермек Рамазанұлы Абикеев - азаматтық қорғау полковнигі, азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Қызмет жолын Астана қаласы "ӨС және АҚЖҚ" ММ 2-МӨСБ аға инженері- кезекшілік басшысынан бастап, әр жылдары ӨСКҚ жедел кезекшісінің көмекшісі, орынбасары қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, Өрт сөндіру қызметінің бастығының орынбасары, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, №2 және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің бастығы қызметтерін атқарған.
"Мінсіз қызметі үшін" ІІІ, ІІ және І дәрежелі медальдарымен, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған.