Біз таза қала үшін!

Біз таза қала үшін!

27 сәуірде елордада қала аумағын абаттандыру және тазалау бойынша экологиялық айлық аясында  "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі"  жалпықалалық сенбілігі өтті. Өзіміздіғ қаламызды абаттандыруға ТЖ департаментінің қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Құтқарушылар Департаменттің, Өрт сөндіру қызметінің, өрт сөндіру бөлімшелерінің және қаланың аудандарындағы учаскелердің аумақтарын тазартты. Жалпықалалық сенбілікке қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар елордада тазалық пен тәртіпті сақтауға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға өте пайдалы. Күн сайын ТЖ қызметкерлері елордамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал бүгін елордалық құтқарушылар қала көшелерін тазалауға өз үлестерін қосты, бұл маңызды және пайдалы іс болып табылатыны сөзсіз.