Жеке құрамның мәдени орталық өкілдерімен кездесуі өтт

Жеке құрамның мәдени орталық өкілдерімен кездесуі өтт

Астана  қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі» аясында  жеке құрамда толеранттылық сезімін, бір-біріне деген құрмет пен достықты тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Астана қаласы Өзбек мәдени орталығы басшысының орынбасары Хасан Халматович Шариповпен, Татар этно-мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқының ассамблеясының мүшесі Равиль Айратұлы Валеевпен жеке құрамның кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында Х. Шарипов және Р. Валеев жеке құрамға Ассамблеяның, мәдени орталықтарының қызметі, негізгі мақсаттары мен бағыттары,  орталықтардың елдегі су басу жағдайы кезеңінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету бойынша өткізіп жатқан жұмысы туралы жеткізді.