Елордада ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Елордада ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Бүгін, елордалық ТЖД бастығы генерал-майор Марат Күлдіков жеке құрамға Департамент бастығының жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға азаматтық қорғау подполковнигі Мадияр Айдосұлы Мырзагелдиев тағайындалды. Мадияр Айдосұлы 1987 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2009-2013 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының инженері, одан кейін аға инженері лауазымында қызмет еткен. 2013-2017 жылдары Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы ТЖБ бас маманы болған. 2017-2021 жылдары Астана қаласы «Алматы» ауданы ТЖБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2021-2023 жылдары Астана қаласы ТЖД  «Сарыарқа» ауданы ТЖБ бастығы лауазымында жұмыс жасаған. Соңғы атқарған қызметі-Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.